Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 25-29 тамыз аралығында «Дина» сауда орталығында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылады.
Кәсіпкерлік субъектілердің қатысуымен өтетін жәрмеңкеде оқушылардың мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтары нарықтағы бағадан жеңілдетілген бағамен сатылатын болады.