Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда күйік шалған 2 жасар бала ауруханаға жеткізілді

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиевтың айтуынша, жедел жәрдем стансасына тәулігіне 700-ге жуық шақырту түседі.

«Сәрсенбіде, 16 тамыз күні түнгі сағат 23:00-ден бастап жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге шақыртуларға шықтым. Алғашқы шақырту Еркінқала ауылдық округінен түсті. Көрсетілген мекенжайға 7 минут ішінде жеттік. Пациент алкагольді ішімдік пайдаланғаны және жолдасынан түрлі дене жарақаттарын алғаны анықталды. Бастапқы уақытта пациент 102 қызметкерлерінің келуін талап етіп, жәдел жәрдем көмегінен бас тартқан болатын. Аталған жерге 5 минут ішінде 102 қызметкерлері келіп, мән-жәйді анықтады. Пациент жедел жәрдем көлігімен облыстық аурухананың травматология пункт бөліміне жеткізілді. Екінші шақырту «Вокзал маңы» шағын ауданынан түсті. Екі жасар баланы күйік шалғаны анықталып, бірден алғашқы көмек көрсетілді. Облыстық балалар ауруханасына жеткізілген балаға тиісті көмектер көрсетіліп, емдеу орнына жатқызылды», -деп хабарлады Қайсар Абдалиев.

Оның айтуына қарағанда, шақыртуларға барған жедел жәрдем қызметкерлері әр түрлі қиындыққа тап болады. Жедел жәрдемді негізсіз шақыртатындар көп.

«Адам денсаулығын сақтауда әр минут маңызды екенін айтқым келеді. Сол себептен, жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырамын», -деп мәлім Қайсар Абдалиев.

 

Back to top button