Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Табиғатты ластаған «Теңізшевройл» компаниясына 2,8 млрд теңге айыппұл салынды

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Теңізшевройл» – Атырау облысындағы «Теңіз» кен орнын игеру үшін шетелдік инвестормен бірлесе құрылған компания. Кен орны Жылыой ауданының аумағында орналасқан.

Атырау облысы бойынша Экология департаментіне Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасынан «Теңізшевройл» ЖШС тарапынан қоршаған ортаға экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды шығару, рұқсат етілген нормативтерден асып кету және жер бүлдіру деректері анықталғаны көрсетіліп, заң бұзушылыққа жол берген компанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту ұсынылған.

«Осыған орай департамент қызметкерлері «Теңізшевройл» ЖШС-не қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328 және 337-бабының талабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау үшін Жылыой аудандық сотына жолданды. Жылыой аудандық сотында аталған істер біріктіріліп қаралған. Соттың қаулысымен «Теңізшевройл» компаниясына жалпы сомасы 2,8 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Back to top button