Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атырауда 2025 жылға дейін 35 медицина мекемесі ашылады

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің айтуынша, биылғы жылдың соңына дейін 10 медициналық нысан пайдалануға беріледі. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«Құрманғазы ауданындағы Алтыншы, Шағырлы, Жасталап, Егінқұдық ауылдарында медициналық нысанды салуға дайындық басталды. Қазір арнайы бөлінген учаскелерде топырақ төгу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Махамбет ауданының Талдыкөл ауылындағы тозығы жеткен дәрігерлік амбулатория ғимаратын бұзу қолға алынды. Орнына заманауи ғимарат салынады. Биыл осы нысандарға қоса Исатай ауданының орталығы – Аққыстау селосында фельдшерлік-акушерлік пункт, Жылыой ауданында орталық аурухана, Атырау қаласының маңындағы Береке, Дамбы ауылдарында дәрігерлік амбулатория қолданысқа беріледі», -деп хабарлады Жасұлан Бисембиев.

Әкім орынбасарының дерегіне сүйенсек, келесі жылы облыста 25 денсаулық сақтау нысанының құрылысы салынады.

«Жаңа нысандардың арасында 7 медициналық пункт, 6 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Атырау қаласында үш қосалқы пункті бар жедел медициналық жәрдем стансасы үшін жаңа ғимарат бой көтереді», -деп мәлім етті Жасұлан Бисембиев.

Back to top button