Мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Биыл балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артқан.
Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері:
4 бала — 16,03 АЕК немесе 55.304 тг
5 бала — 20,04 АЕК немесе 69.138 тг
6 бала — 24,05 АЕК немесе 82.973 тг
7 бала — 28,06 АЕК немесе 96.807 тг
8 және одан көп балаға — әр балаға 4 АЕК немесе 13.800 тг