Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Қазақстанда тұрғын үйді пайдалануға беру 15% артты

2022 жылдың соңында Қазақстанның тұрғын үй қоры 405,2 млн шаршы метр болды, оның ішінде 263,9 млн шаршы метр – қалаларға, ал 141,2 млн шаршы метр – ауылдық елді мекендерге тиесілі. Бұл туралы  ҚазАқпарат жазды.

Бұл ретте тұрғын үй қорының барлығы дерлік – 97,7% жекеменшікте, тек 2,3% мемлекеттік меншікте.

2010-2021 жылдар аралығында тұрғын үйді пайдалануға беруде тұрақты өсім байқалды. Белгілі бір кезеңдерде динамика жоғары болды, кей кезде бәсеңдеді. Алайда, 2022 жылы бұл көрсеткіш алғаш рет төмендеді: бір жылда 7,4% азайып, 15,7 млн шаршы метр болды. Ал, осы құлдыраудан кейін биылғы алғашқы бес айда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 5,5 млн шаршы метр болды, бұл – 2022 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 15,4% көп. Оның ішінде 3,1 млн шаршы метрі – көппәтерлі үйлер, 2,3 млн шаршы метрі – жеке үйлер бар. Тұрғын үйдің басым бөлігі – 5,1 млн шаршы метрін немесе жалпы ауданның 93,5%-ын жеке құрылыс компаниялары салған.

Өңірлер бойынша биыл тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең жақсы көрсеткіш Астанада (1,2 млн ш.м), Алматыда (938,7 мың ш.м) және Алматы облысында (397 мың ш.м) тіркелді.

Back to top button