Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрғабыл Айтмұхамбетовтің айтуынша, зардап шеккен баланың басына күрделі ота жасалған.
«Баланың басынан жасалған күрделі ота сәтті өтті. Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді. Науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімінің палатасына ауыстырылды», -деп хабарлады Нұрғабыл Айтмұхамбетов.
Айта кетейік, 3 шілде күні Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам ауруханаға түскен.
Полиция департаментінің мәліметінше, Жайық өзенінде соқтығысқан қайықтар адамдарды серуендету қызметіне пайдаланылған. Су көлігінің бірінде 10 адам, ал екінші қайықта 25 адам болған.