Форумда «Әлеуметтік бағдарламалар және инновация қоры» ҚҚ басшысы Ирина Горбаченко іс-шараның маңызына тоқталды.
— Барлық кәсіпкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Биыл бізде Атырау облысының әлеуметтік кәсіпкерлерінің үшінші форумы өтуде. Бұл «Жарқыра» бағдарламасының маңызды кезеңі, ол әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы маңызды және өзекті мәселелерді талқылауға тамаша алаң болып табылады. Жыл сайын конкурсқа берілетін өтінімдердің саны мен сапасы артып келеді.
Субъектілердің әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне кіру мәселелерін талқылау ерекше қызығушылық тудырды, өйткені бұл бизнесті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер, жеңілдіктер мен преференциялар береді,- деді И.Горбаченко.
Сондай-ақ форумда жыл сайынғы «Жарқыра» байқауының жеңімпаздары жарияланды.
«Теңізшевройл» компаниясының қаржылық қолдауымен өткен конкурс аясында жергілікті тұрғындардан барлығы 124 өтінім келіп түскен. Қорытынды бойынша 12 жүлдегер іріктелді, олардың 7-і пайызсыз қарыз, 3-і грант және 2-і тәжірибе алмасу бойынша тағылымдама алды.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов пен «Теңізшевройл» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Хеймиш Полс «Жарқыра» бағдарламасы байқауының жеңімпаздарына грант алғандығын растайтын сертификаттар табыс етті.
Айта кетейік, биылғы аудандардан конкурсқа қатысушылар саны 50% — дан асып отыр.