Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыМәдениет

Ақтау қаласында Атырау облысының мәдени күні өтті

Атырау облысы Жылыой ауданының құрылғанына 95 жыл толуына орай Ақтау қаласында ауданның «Киелі мекен — Кең Жылыой» атты мәдени күні өтті. Мәдени шара теңіз жағалауындағы Амфитеатрда ұйымдастырылды.

Мәдени-көпшілік шара алдымен «Жылыой – қазыналар мен мол мұраның өңірі» атты аудан шеберлерінің сәндік-қолөнер бұйымдары, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері, аудан тарихынан сыр шертетін ақын-жазушылардың кітаптарынан көрме және «Жылыой жәрмеңкесі» атты кәсіпкерлердің өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдерінен жәрмеңкемен басталды. Жәрмеңкеде ауданның 20-ға жуық кәсіпкерінің сан түрлі өнімдері көпшілікке ұсынылды.

Іс-шараларға Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов пен Маңғыстау облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әбілқайыр Байпақов, Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов қатысты.

Сондай-ақ аудан өнерпаздары Қайрат Жұмағалиев, Игілік Оразалы мен Инабат Ризабекова, Жанболат Найзабеков және Нұрболат Қанаевтың қатысуымен мерекелік концерт өтті.

Жылыойлық өнерпаздар ұлттық дәстүріміз бен мәдениетімізді насихаттайтын туындыларды орындады. Күмбірлеген күй тартылып, әуелеген ән шырқалды. Бишілер мың бұралып би билеп, жыршылар жыр жырлаған керемет өнер кеші өтті. Жиналған қауым Жылыой ауданының мәдени жетістіктеріне қанық болып, өнерпаздар өзара тәжірибе алмасты. Жылыой өнерпаздары мен қолөнершілері Ақтау жұртшылығының ыстық лебізіне бөленді.

Іс-шара соңында Жылыой ауданы атынан ықылас гүлі тарту етіліп, мерекелік отшашу ұйымдастырылды.

Back to top button