Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Марат Қарабаев «Атырау-Астрахань» автожолын тексеруге келді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

Жұмыс сапары аясында ведомство басшысы ең алдымен Құрманғазы ауылынан облыс орталығына дейінгі 616 және 833 км аралығындағы учаскедегі «Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңартудың екінші кезеңі шеңберіндегі жұмыстарды тексерді.

Ел Президентінің тапсырмасы бойынша Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басшылығы осы жобаны іске асыруды ерекше бақылауда ұстайтынын айта кеткен орынды.

Астрахань-Атырау учаскесін қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылдан бері жүргізіліп келеді. 2021 жылы Ресей шекарасынан Құрманғазы ауылына дейінгі 60 шақырымды құрайтын бірінші кезең аяқталды. 2020 жылдан бастап Құрманғазыдан Атырау қаласына дейінгі ұзындығы 217 км екінші кезең іске асырылып келеді. 2023 жылдың соңына дейін 277 шақырым жолда толық қауіпсіз қозғалысқа рұқсат беріледі, жол құрылысының аяқталуы келесі жылға жоспарлануда.

«Халықтың көкейінде жүрген ең өзекті мәселелердің бірі «Атырау-Астрахань» жолына қатысты болып отыр. Осы ретте мердігер компаниялар бірнеше мәселені көтерді. Олардың қатарында, қажетті материалды тасымалдау үшін вагондармен қамту және қосымша қаражат бөлу мәселесі. Бүгінгі таңда 4900-ден астам вагон жұмыс істеп жатыр, олардың санын алдағы уақытта одан әрі ұлғайтатын боламыз. Ал тиісті қаражат жылдың соңына дейін Үкімет тарапынан бөлінетін болады. Мердігер компаниялар атқарылып жатқан жұмысты әрі қарай жалғастыруы тиіс», деді Марат Кәрімжанұлы.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау филиалының директоры өңірдегі автожолдар желісін дамыту және Мемлекет басшысының көлік-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы хабардар етті.

«Атырау облысының республикалық автожолдар желісі 1126 шақырымды құрайды. Аталған аймақ арқылы 3 негізгі көлік артериясы өтеді. Атап айтқанда, «Астрахань-Атырау-Ақтау-Түрікменстанмен шекара», «Орал-Атырау» және «Ақтөбе-Атырау». 2023 жылы республикалық жолдарды дамытуға 36 млрд теңге бөлінді, бұл 2022 жылы игерілген сомадан 12 млрд-қа артық. Оның ішінде «Атырау – Астрахань» жолын реконструкциялауға 18 млрд теңге, «Қандығаш – Мақат» трассасына 7,9 млрд теңге және «Орал-Атырау» жолын реконструкциялау үшін жобалау сметалық құжаттама әзірлеуге 300 млн теңге», деді Болатбек Айтбаев.

Сонымен қатар бұл күні ҚР ИИДМ басшысы Марат Кәрімжанұлы өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жоспарлап отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу де көзделген.

Back to top button