Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Атырауда белсенділер Теңіз кенішінің экологиялық нысандарымен танысты

27 маусымда Жылыой ауданының қоғам өкілдері Теңіз кен орнының экологиялық нысандарымен танысты.
Олар ауыз су қорын сақтау мақсатында кен орнында қолданылатын су тазарту құрылғыларымен және заманауи технологиялармен танысты.

Теңіз кен орнына ауыз су Орталық магистральдық су құбыры арқылы жеткізіледі. Алайда, компания 2014 жылдан бері кәріз суын тазарту және сарқын суларды қайта пайдалану қондырғыларында кері осмос технологиясын қолданылады. Бұл судың 49% үнемдеуге және қайта пайдалануға мүмкіндік береді.

“Бүгін “Теңізшевройл компаниясы Жылыой ауданының белсенділерін Теңіз кен орнына алып келді. Кен орнын көріп, аралағанымызға қуаныштымыз. Көкейімізде жүрген сұрақтарға нақты жауап алдық. Бұл сапарда экологиялық орталықты, зауытты және ауа сапасын бақылау орталығын көрдік. Су тазарту стансасының жұмысын көріп, таңғалдым. Өйткені жоғары технологияларды қолданып, лас суды таза суға айналдырып, қолданып отыр. Жақсы әсер алып, көп нәрсені өзімізге түртіп алдық, — дейді белсенді Жанаргүл Шарғабаева.

Бұдан әрі Ұлмекен Сұлтанғалиева, Жанаргүл Шарғабаева, Дайрабай Елдесбаев, Қанат Бимырзаев, Раиса Телеубаева, Бақытгүл Өтегенова, Омарғали Жалғасбаев, «Құлсары» газетінің редакторы Әбдіхалық Сисенбердиев секілді қоғам өкілдері мен Жылыой ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Арай Нұрмұханова ТеңізЭкоОрталығына барды. Бұл нысанда белсенділер пластик, қағаз, ағаш, медициналық, бетон және басқа да қалдықтарды өңдеу барысымен танысты. Бетон қалдықтары ұсақталып, қиыршық тасқа айналаып, кейіннен ТШО-ның ішкі қажеттіліктері үшін де пайдаланылады. Сондай-ақ аудан әкімдігі арқылы сұраныс бойынша Жылыой ауданының тұрғындарына беріледі. Жалпы Теңізде қалдықтардың 35 түріне дейін өңделеді. Қайта өңделген қалдықтардың жалпы үлесі 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңындағы жағдай бойынша 34% құрады.

“ТШО компания қағидаттарына сәйкес қауіпсіз, сенімді және экологиялық жауапты түрде жұмыс істеуге ұмтылады. Соңғы 20 жылдан астам уақыт ішінде ТШО қоршаған ортаға әсерді азайту бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырды. Компания технологиялық жобаларға инвестициялар және пайдалану ережелеріне модификацияларды енгізу арқылы өз қызметінен атмосфераға шығарындылардың қарқындылығын төмендетуді жалғастыруда”, — деп атап өтті Нұрлан Джакиев, орталықтың супервайзері.

Сондай-ақ Жылыой ауданының қоғам өкілдері қоршаған ортаны бақылау станцияларын (ҚОБС) көрді. Теңіз кен орнының санитарлық-қорғау аймағында 12 автоматтандырылған стационарлық ҚОБС орнатылған. Бұл стансансалар тәулік бойы тіркейтін ауадағы күкіртсутек (H2S), көміртегі тотығы (CO), азот диоксиді (NO2), метан (CH4), күкірт диоксиді (SO2) құрамын тіркейді. Алынған деректер «Қазгидромет» РМК-ға әр жарты сағат сайын онлайн режимінде беріледі және Air.kz мобильді қосымшасында, сондай-ақ «Қазгидромет» РМК интерактивті картасында қолжетімді. Бұл қоғамға және қызығушылық танытқандарға нақты уақыт режимінде аймақтағы қоршаған ортаның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, 2000 жылдан бастап компания өндірілген шикі мұнайдың әр тоннасына атмосфералық шығарындыларды 75%-ға азайтты. Бұл компанияның қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін азайтуға деген байыпты міндеттемесін көрсетеді.

Back to top button