23 маусым — Қазақстан полициясы мерекесіне орай Атырау облысы полиция департаменті ғимаратының алаңында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруден басталды.
Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев қызметкерлерді айтулы күнмен құттықтады.
— Құрметті әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері біз көптеген қиындықтарды жеңдік. Қызметкерлер өз қызметтерін адал атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Алдағы уақытта да еңбектеріңізге табыс тілеймін!,- деді, өңірдің бас полицейі.
Салтанатты іс-шарада қызметте жетістіктер мен жоғары көсеткіштерге ие болған бірқатар департамент қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша арнайы атақтармен, ІІІ дәрежелі Ішкі істер қызметінің үздігі төсбелгісімен, ҚР ІІМ Грамотасымен және алғыс хатымен, сондай-ақ Атырау облысы әкімі мен Полиция департаменті бастығының алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар, Департамент бастығы әйелдер арасында әлем чемпионы атанған Аида Хайруллинаны және Астанада өткен ересектер арасындағы қоян-қолтық жекпе-жектен әлем біріншілігінде ерлер арасында күміс жүлдегері атанған Әлихан Сейтовті алғыс хатпен марапаттады.