Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда 12 кәсіпкер әйел өз бизнесін дамытуға көмек алады

Бұл қызмет «Мен кәсіпкер» жобасы аясында Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында көрсетіледі.
Еске салсақ, биыл Атырауда «Мен кәсіпкер» бизнесті қолдаудың жаңа бағдарламасы басталды. Бағдарлама құралдарының бірі – әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ұсынатын қызметтердің қатарында жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыруды көздейтін әйел кәсіпкерлерге арналған менторлық бағдарламасы бар.

Осы мақсатта Атырауда тәлімгерлік бағдарламасы үшін тыңдаушылар (менти) іріктеуден өтті. Атырау облысында ментор Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, «Алмас Семсер» ЖШС бас директоры Гүлжан Мұхатаева болды. Ол бизнес басшыларының біліктілігіне бағалау жүргізеді және оларды одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар мен жұмыс жоспарын әзірлейді.

«Барлығы 51 өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша 12 әйелдің өтінімі қабылданды. Олардың қатарында жиһаз, тамақ, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығында бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер. Мысалы, жақында Жанар Әжіғалиева сүйек сорпасын өндіру бойынша бизнес ашты. Қазір бұл өнімдерге сұраныс жоғары. Бизнестің қалыптасу кезеңінде оған сату, өткізу нарықтары және қызметкерлерді ынталандыру туралы білім түрінде көмек қажет. Бұл көмекті біз көрсетуді жоспарлап отырмыз»,– деді Атырау облысының кәсіпкерлер палатасы жанындағы ӘКДО менеджер-кеңесшісі Гүлнафис Жармұханбетова.

Back to top button