Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырауда биылғы жылы 1 трлн 44 млн теңге салым түскен

Биыл Атырау облысында салық түсімдерінің өскені байқалады. Егерде өткен жылдың мамыр айына дейін 1 трлн 9 млн теңге салық қазынаға түссе, биылғы жылы 1 трлн 44 млн теңге түскен. Сондай-ақ мұнай-газ операторлары мен олардың мердігер компаниялар есебінен салық түсімдерінің өсуі күтілуде.

— Әрине, салықтың көп бөлігін облысымызда жұмыс істейтін ірі мұнай компаниялары төлеп отыр. Егерде облыста жұмыс істейтін компаниялардың саны арттса, демек салық түсімдері де артады, — дейді Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Әлия Байтемірова.

Мысалы, мұнай-газ компанияларынан тендерді жергілікті компаниялар ұтып алса, салық та өсетіні сөзсіз. Сарапшылардың айтуынша, бұл қаражат жергілікті және республикалық бюджетке аударылады. Нәтижесінде салықтың тағдыры шешіледі: бұл қаражат қалай жұмсалады?

— Қарапайым мысал алып қарауға болады. Құрылған жаңа компаниядан немесе ашылған жаңа жұмыс орнынан экономикаға оң әсер болады. Өйткені олар төлеген салықтың нәтижесінде елімізде түрлі саладағы жаңа нысандар бой көтереді. Яғни салық түсімі көбейген сайын, халықтың қолайлы өмір сүруіне жағдай жасалынады. Сол қаражатқа мектеп салынып, әлеуметтік нысан салынуы мүмкін, — дейді Әлия Байтемірова.

Елімізге белгілі сарапшы Абзал Нарымбетовтің айтуынша, алып мұнай газ операторларына қызмет көрсетуді ұтып алған жергілікті жеткізушілерден келетін пайда көп.

— Еліміздегі алып мұнай-газ компанияларында қазақстандықты дамытуға аса көп үлкен берген дұрыс. Егерде олардың тендерлерін жергілікті компаниялар ұтып алса, келетін пайда көп. Яғни ұтамыз. Жергілікті мамандар дамып, жергілікті адамдарды жұмыспен қамтып, аймақтың экономикаға үлесін қосады. Яғни оң өзгеріс алып келеді. Ең бастысы – cалық және басқа да төлемдер өзімізде қалады, — дейді Абзал Нарымбетов.

Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 15,9 пайызға өсіп, 5,569 триллион теңгеге жеткен. Ұлттық экономика министрлігі мұны 2023 жылдың бірінші тоқсанында экономиканың 4,9%-ға өсуімен және қаңтар-ақпан айларында импорттың 7,1%-ға төмендеуімен байланыстырады.

Back to top button