Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыДенсаулық

Атыраудың бас дәрігері ауыл тұрғындарымен кездесті

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев Қайыршақты ауылдық округының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қайыршақты ауылдық округ тұрғындарының саны жыл санап өсіп келеді. Соған сай дәрігерлік амбулатория да тарлық етеді. Осы мәселеге байланысты бас дәрігер тұрғындар шағымын тыңдап, мамыр айында Жұлдыз мөлтек ауданынан  дәрігерлік пункт ашуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

-Тұрғындар санының өсуіне байланысты алыс елді мекендерден дәрігерлік амбулатория ашу мәселесін қарастыратын боламыз. Мамыр айында Жұлдыз-3 мөлтек ауданынан Геолог емханасын жалға алу арқылы тағы бір филиалын ашуды жоспарлап отырмыз,- деді Қ.Абдалиев.

Сондай-ақ, кездесуде ипотерапиямен емдеу тәсілі де қозғалды. Бұл бағытты да басқарма басшысы министрлікке ұсыныс ретінде жеткізетінін айтты.

Сонымен қатар кездесу барысында ауылдық округтегі медицина қызметкерлері тұрғын үйдің жоқтығы мазалайтынын айтып өтті. Қ.Абдалиев тұрғын үйді қамту мәселесін шешу бағытында жеңілдетілген бағдарламамен Отбасы банкі арқылы келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Back to top button