Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыТуризм

Атырау облысы әкімдігінің жанынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия құрылады

Комиссия мақсаты — өңірдегі табиғат қорғауға қатысты іс-шаралардың орындалуын тыңдау, қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсыныстар дайындау, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.

Комиссия құрамына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам белсенділері кіреді. Алғашқы отырыс 30 наурызға жоспарланған. Комиссия отырысының уақыты мен орны, күн тәртібі қосымша хабарланады.

Бүгін, 28 наурызда Атырау қаласында түннен бастап жағымсыз иіс сезілді. Атырау облыстық Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметовтың айтуынша, таңертең тұрғындардан арыз-шағымдар түскен. Экология департаментінің мамандары таңертең ауа сапасына талдау жүргізді. Нәтижесінде ауа сапасын бақылау станциясының аумағында күкіртті сутегінің көп мөлшері бар екені анықталды. Экологтар атап өткендей, түнде және таңертең «Квадрат» булану алаңы орналасқан солтүстік-батыс бағыттан жел соғып, қалаға жағымсыз иіс тараған.

— Бүкіл қала аумағында жағымсыз иіс сезіліп, тұрғындардан көптеген шағым түсті. Экология департаментінің мамандары жүргізген тексеру қорытындысы бойынша ауадағы күкіртті сутегінің мөлшері рұқсат етілген нормадан үш-төрт есе жоғары екені анықталды. Желдің бағытына байланысты иіс бүкіл қалаға тарады. Сондай-ақ, «Квадрат» булану алаңының жалпы ауданы 500 гектар екенін айта кеткен жөн, — дейді Экология департаментінің басшысы Әлібек Бекмұхаметов.

Back to top button