Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Отбасының Цифрлық картасы бойынша 300 мыңға жуық атыраулықтың әлеуметтік мәртебесі өзектендірілді

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен штаб отырысында облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұған дейін «Отбасының цифрлық картасы» жобасын жүзеге асыру мақсатында тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты ұйым өкілдерінің қатысуымен облыстық штаб құрылған еді. Олар түрлі сала бойынша мемлекеттік қолдауды қажет ететін азаматтардың тізімін құрып, олардың әлеуметтік жағдайын жіктеуді қолға алған болатын.

-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен әлеуметтік жағдайы бойынша қайта қарауды қажет ететін азаматтардың тізімі түсті. Тізімде азаматтар экономикалық, тұрғын-үй мәселесі, денсаулық, білім беру, көші-қон жағдайына қарай жіктелді. Оның ішінде 2 жастан 6 жасқа аралығындағы мектепке дейінгі ұйымдарында тіркелмеген балалар, 6 жастан 18 жасқа дейінгі мектепте және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында тіркелмеген, яғни ешқайда бармай отырған балалар, NEET санатындағы жастар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамтылмаған адамдар, тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмеген азаматтар, тұрғын үйлері жоқ отбасылар бар. Сонымен қатар міндетті аударылымдар аударылмай отырған жеке кәсіпкерлік, шаруа қожалықтары, фермелік шаруашылықтар да анықталды. Қазіргі уакытта осы анықталған азаматтар туралы ақпараттарды жинақтау жауапты басқармалар мен тиісті сала өкілдеріне жүктелді. Осыған орай, Білім беру, Денсаулық, Ауыл шаруашылығы, Ішкі саясат басқармаларына «Цифрлық картаға» қолжетімділік берілді,- деді А.Мәмбетов.

Сондай-ақ басқарма басшысы келеңсіз көрсеткіштерді төмендету бағытында тиісті іс-шаралар жүргізіліп, жауапты сала мамандары апта сайын тізімдегі азаматтардың ақпаратын ұсынулары қажет екенін жеткізді.

Back to top button