Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда облыс бойынша барлық мешіттерде күніне 2800 адамға ауызашар берілуде.
Осылайша, оразаның алғашқы екі күнінде 5600 адам мешіттерде ауыз ашты.
«Оразада ауыз аштырып, сауап жинағысы келетін азаматтар, мекеме, компаниялар мешіттерге жолыға алады. Орталық «Иманғали» мешітінің өзінде күніге 500 адамға ауызашар берілуде» дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.