Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыЭкономика

Атырау қаласында жол мәселесі шешіледі

Биыл Атырау қаласындағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 90 %-ға жеткізу жоспарланып отыр

Биыл Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі автокөлік жолдары қайта жаңғыртылып, орташа жөндеуден өткізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Әлібек Мұханбеталиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Биыл жолдарды қайта жаңғырту мен салу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен 9,7 млрд. теңге қаражат бөлініп отыр. Оның ішінде С.Датов, Азаттық көшелері, Атырау-Индер, Атырау-Дамбы, Атырау-Астрахань автокөлік жолдары қайта жаңғыртылады. Ол үшін 4,2 млрд. теңге қаражат қарастырылған. Ал, Еркінқала, Еркінқала-2, Балауса, Ракуш, Алмалы, Томарлы ауылдары мен Бейбарыс даңғылынан Атырау-Астрахань автокөлік жолына дейінгі аралығына жол салынады. Оған 4,6 млрд теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын салу үшін 892 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар Атырау с/о, Дамбы с/о, Ақсай с/о, Қайыршақты с/о, Еркінқала с/о көшелері мен Атырау қаласы, Геолог, Жұмыскер елді мекендері көшелеріне жол салынады деп жоспарлап отырмыз,- деді Ә.Мұханбеталиев.

Сондай-ақ, оның айтуынша, Әуезов көшесі мен Зарослый елді мекені көшелерінің жобаларына түзетулер енгізіліп жатыр. Оған қоса қаланың орталық көптеген көшелері орташа жөндеуден өткізіледі. Ал, Атырау-Еркінқала автокөлік жолы, Әбілхайыр хан даңғылынан Жастар көшесіне дейінгі аралығын қайта жаңғыртудан және Әбілхайыр хан даңғылы мен Бейбарыс даңғылдарын қосатын автокөлік жолының құрылысының жобалары ашық электронды конкурсқа берілген. Енді мердігер мекемелері анықталуда.

Айта кетейік, 2020 жылдан бастап тас жолдарының құрылыстарын жүргізу, қайта жаңғырту, жөндеу барысында жұмыс және материалдардың сапасына бақылау жүргізу мақсатында, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Атырау облысы бойынша филиалы мекемесімен жыл сайынғы келісімшарт негізінде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

Back to top button