ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-ның сейсмостанциялары бүгін сағат 07.53-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 710 км жерде, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.
Энергетикалық санаты – 9,8. MPV магнитудасы – 4.6. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түспеген.
Айта кетейік, бүгін түнде, сағат 02.07-де Алматыдан 740 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында жер сілкінді. Тербеліс 2-3 балл қуатымен Тараз, Шымкент және Түркістанда сезілді.