19 наурызда, мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Атырау облысында 13 сәби дүние есігін ашты.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 19 наурыз күні сағат 11:30-ға дейін облысымызда 13 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 7 ер бала, 6 қыз. Аналар мен сәбилердің денсаулығы жақсы, дәрігерлердің бақылауында.