Өңірде барлығы 269 сайлау учаскесі бар, оның 11 — і жабық, олар ауруханалар, уақытша ұстау орындары және әскери бөлімдер. Барлық учаскелер материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Сондай — ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайлар қарастырылған-облыстың қалалары мен аудандарында 54 инватакси қызметі ұйымдастырылған.
ҚР Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық ұйымдар — 14, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы аккредиттеген — 6.
Сайлау бойынша өңірде 442 кандидат тіркеліп отыр. Олардың ішінде Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімінде 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бірмандаттың сайлау округтері бойынша 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат тіркелген.
Айта кетейік, өңірдегі сайлаушылар саны 412165.