Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Бірлік ауылдық округінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің ағалы-інілі екі баласы ойнап жүріп, абайсызда Щуче каналының шұңқырына құлап кеткен.
Алдымен 2016 ж.т. інісінің құлап кеткенін көрген 2013 ж.т. ағасы құтқармақ болып шұңқырға секіреді. Айналада бірге ойнап жүрген балалар үлкендерді шақырып, дереу көмекке жеткен тұрғындар 2 баланы да судан шғарып алады.
Өкінішке орай, 2016 ж.т. С.Д. оқиға орнында қаза болған, ал 2013 ж.т. С. Д. Дереу ауылдық жедел-жәрдем арқылы аудандық ауруханаға жеткізіледі. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің бақылауында.