Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға сілтеме жасап.
«ТЖМ «СОМ» ЖШС сейсмикалық станция желісінде 14 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 09:42-де тіркеген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан», — делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8,1. MPV магнитудасы — 3,8.