Нөсер жаңбырдың жаууына байланысты 12-14 наурыз аралығында Алматы қаласы, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарындағы өзен суының деңгейі көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында қар аралас жауын-шауынның күтілуіне, ауа температурасының көтерілуіне байланысты қар тез еріп, еріген және ағынды судың көтерілуі, мұз жұқарып, өзен суларының көтерілуі болжанып отыр. Аталған өңірлерде су тасқыны болуы мүмкін.
12-14 наурыз аралығында Абай (Бородулиха, Бесқарағай, Аягөз, Ақсуат аудандарында), Ұлытау және Қарағанды облыстарында су тасқыны болуы ықтимал.