Балаларға арналған бөлме «Болашақ-Атырау» ЖШС-нің қолдауымен қайта жаңғыртылып, қажетті жабдықтармен толыққан. Бұл туралы орталық директоры Анар Маратова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
— Бүгін балалар үшін қуанышты күн. Себебі, көптен күткен ойын бөлмесі қайта жаңғыртылып, бүгін салтанатты түрде ашылды. Бұл ретте «Болашақ-Атырау» компаниясына алғыс білдіреміз. Компания демеушілігімен бөлме іші шкаф, үстел, жұмсақ жиһаздар, бизиборд, логикалық, дидактикалық көрнекі құралдар, кілемдер және техникалық құралдар мен музыкалық аппараттармен жабдықталды, деді А.Маратова.
Салтанатты іс-шараға облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов арнайы қатысып, демеушілік жасаған жергілікті компания өкілдеріне алғыс білдірді.
Сондай-ақ, аталған іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы және «Новруз» этномәдени орталығының басшылары қатысты.