Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу кезінде атқаратын қызметінен уақытша шеттетілді, — деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасы.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы («Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданады.