Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

21 жыл құжатсыз жүрген

Атырау облысы аумағында өткізіліп жатқан республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында №2 Атырау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Нұрсұлтан Кеңесов әкімшілік аумағын тексеру барысында төлқұжатының мерзімі өтіп кеткен 1951 ж.т., Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

Аталған шетелдік азамат Қазақстан аумағына 2000 жылдары келген, Қазақстан азаматшасымен отбасын құрып, араларында бес бала дүниеге келген. 72 жастағы шетелдіктің айтуынша ол сол жылдары құжат дайындамақ болған, бірақ қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмапты.

Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері 1951 ж.т., шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Ақтау қаласындағы Өзбекстан Республикасының Елшілігіне жолдаған.

Back to top button