«Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы 2,5 пайыздық несие алу үшін 21-35 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде кепіл қою керек.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің айтуынша, аталған несие алу үшін кепілдік ретінде жылжымайтын мүлік пен арнайы техника қойылуы тиіс екен.
«Жастарға микрокредит беру жаңа құрал болмақ. Кредиттер 21-ден 35 жасқа дейінгі аралықтағы жастарға беріледі. Бұл ретте пайызды мөлшерлеме 2,5 пайыз болады. Мерзімі – 5 жылға дейін. Ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін. Сонымен қатар негізгі қарыз бен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі. Оның ұзақтығы микрокедит мерзімінің үштен бірінен аспауы керек. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ береді», — деді вице-министр Олжас Ордабаев.