Атырау облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 15 ақпан күні Индер ауданы Өрлік селосынан 30 км қашықтықта орналасқан «Аманғали» қыстағынан 1970 ж.т. азамат түйемен мал бағуға шығып, кері оралмаған.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде, 16 ақпанда «Аманғали» қыстағынан 5 шақырым қашықтықтан жоғалған азамат табылды. Табылған азаматтың жағдайы бірқалыпты, медициналық көмекті қажет етпеді.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 4 қызметкер мен 1 бірлік техника, сонымен қатар АПБ, жоғалған азаматтың туыстары мен жергілікті тұрғындар да қатысты.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға және 112 қызметі жіберетін СМС хабарламаларды ескеруге шақырады.