Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
ӘлемБасты

Әуежайдан ұшып шыққан ұшақтың бір қозғалтқышы өртенді

Эдинбургтен Нью-Йоркқа ұшқан жолаушылар ұшағы апатты жағдайда қонды: ұшу кезінде лайнердің қозағалтқыштарының бірі істен шықты, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Business Insider басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, америкалық Delta Air Lines компаиясына тиесілі ұшақ әуежайдан ұшып шыққан соң бірнеше минуттан кейін осындай оқиға болған. Бастапқыда жолаушылар қатты тарсыл дыбысты естіген, сосын оң жақ қанаты өртенгенін байқаған.

«Дыбысты бәсеңдететін құлаққап пен музыка шырқалғанына қарамастан, қатты дыбыс шықты. Сосын барлық теледидарлар сөніп қалды. Кейін біз капитанның дәлізбен артқа барғанын және алдыға келгенін көріп, бірдеменің болғанын аңғардық. Кейін ұшақ Глазго қаласындағы Прествик әуежайына бағыт алғаны хабарланды. Үшақ төмендей бастағанда, қорқынышты тыныштық орнады, алайда үзіліспен шықты. Адамдар жылай бастады, мен досымның қолын ұстап, қона алмай қаламыз деп қорықтым», — дейді Lad Bible басылымына сұхбат берген жолаушылардың бірі.

Шотландия астанасынан ұшып шыққан лайнер бір сағатқа жетпес уақытта Глазгоның Прествик халықаралық әуежайына қонды. Екі әуежайдың арақашықтығы 60 миль (100 шақырым).

Әуекомпанияның өкілі Insider басылымына берген сұхбатында, қозғалтқыштардың бірінде механикалық ақау пайда болғанын мәлімдеген.

Back to top button