Петропавлда мектепке сөмкесіне пышақ-балта салып әкеліп, 3 баланы жарақаттаған 9-сынып оқушысын сот 2 айға қамауда ұстау бұлтартпас шарасын берген.
Солтүстік Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмаған Д.-ны 2 ай қамауда ұстау жөнінде санкция берді.
«ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілуге жатпайды», — делінген хабарламада.