Қазақстандық жоғары оқу орындары Түркиядан студенттер мен қандастарды жедел түрде қабылдауға дайын. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Министр әңгіме қазақстандық студенттер мен қандастарға қатысты екенін түсіндірді.
«Қазір Сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Біз осы қиын кезеңде Түркияда оқитын студенттеріміз бен қандастарды қазақстандық жоғары оқу орындарға қабылдауға дайынбыз. Ол үшін арнайы құжат қабылдау тәртібін өзгерттік. Бұрын сессиялардан, жазғы демалыстардан кейін болатын болса, енді жыл бойы қиын жағдай туындағанда біздің университеттер қабылдауға дайын. Қазірдің өзінде құжаттар тапсырылып жатыр», — деді Нұрбек.