Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Теңіз кенішінде «вакуум» цистернасы жарылып, жұмысшы қаза тапты

8 ақпанда күндіз Теңіз кенішінде адам өліміне әкелген қайғылы оқиға болды. «WEST DALA» компаниясына тиесілі «вакуум» цистернасы жарылып, 37 жастағы жұмысшы қаза тауып, 30 жастағы екінші жұмысшы жарақат алды. Бұл туралы  azh.kz сайты жазды.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігі («Адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«WEST DALA» мұнай-газ, медицина және басқа да салалардағы өндіріс қалдықтарын жоюмен айналысады.

 

Back to top button