Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген

Атыраулық әйел сәбиін аукционмен сатып жіберген. Ол баланың әкесіне нәрестенің қайтыс болғанын айтып, өзі сатып алушыларды іздепті. Бұл туралы Azattyq Rýhy astanatv-ке сілтеме жасап.

Екі сатып алушыны тауып, көбірек ақша берген адамға баласын ұстатып жіберген. Безбүйрек ана Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғыны көрінеді. Тіпті келіншектің бұған дейін де баласын сатқан болуы мүмкін деген ақпарат бар. Полиция департаменті ақпаратты растады. Қазір «Кәмелетке толмағандардың саудасы» бабымен іс қозғалды. Күдікті әзірге баласының жанында, бостандықта.

«Қазіргі таңда 1991 жылы туған күдіктіге қатысты ҚК 135-бабы, 2-бөлігі,2-тармағына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-биологиялық сараптама тағайындалды балаға және анасына. Сондай-ақ қазіргі таңда куәгерлерден жауаптар алынды. Өзге ақпапаттар ҚПК 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды», — деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Back to top button