Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыБілім

Атырауда пара алған 8 педагог қызметтен қуылды

Пара алған педагогтар Атырау облысындағы білікті оқу орны  Х.Досмұхамедов атындағы университеттің ұстаздары. Олар  студенттердің сессиясын жауып берген,  сондай-ақ емтиханын тапсырған. Еңбегіне   5 мыңнан 400 мыңға дейін ақша алған.  Оқытушылардың жымысқы қулықтарын оқу орнының жанынан құрылған жемқорлыққа қарсы комплаенс анықтаған. Қазір ұстаздар қызметтен босатылды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің проректоры Асхат Шүкіров, академиялық адалдық ортасын қалыптастыру бойынша жұмыстардың әрі қарай да жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ, студенттер пара ұсынған жағдайда, білім алу мүмкіндігінен айырылмақ.

Back to top button