Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
БастыҚоғам

6 мыңға жуық адамды алдаған алаяқ 5 жылға сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті LV FORCE қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша Е.Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылдан бастап Е.Лишко Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында LV FORCE компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды. Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады», — деп жазды агенттіктен.

Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Back to top button