Таразда сессияны саудаға салған ұстаз ақша алу үстінде ұсталды. Аймақтағы ең ірі жоғарғы оқу орнының аға оқытушысы әр емтиханның құнын 50 мың теңгеге бағалаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy informburo31-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Дәрісінен ақша дәметкен ұстазды ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тура қылмыс үстінде қолға түсірді. Қазір соңғы курс студенттері үшін тәжірбиелік сабақтар мен емтиханнан өту қызған шақ. Осыны пайдаланған 46 жастағы аға оқытушы кабинетінен шықпай-ақ тәлімгерлерден 50 мың теңге санап алып отырған.
Студент орнына сау етіп кіріп келген полицейлер тінту кезінде оның қалтасынан 200 мың теңге тапқан. Оқытушы пара алғанын толық мойындады. Енді білдей университеттің абыройына нұқсан келтірген маман 3 жылдан 7 жылға түрмеге қамалуы мүмкін. Оған қоса мүлкі тәркіленіп, алған ақшасын еселеп қайтару міндеттелмек.