Басты
Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері — 108 761 теңге
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Қазір елімізде 2 млн 295 мың зейнеткер бар.
«2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 74 950 теңге, базалық зейнетақы – 33 811 теңге. 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты», — делінген хабарламада.