Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарының сайлауына Қазақстанда тіркелген 7 саяси партияны жіберу туралы қаулы қабылдады:
✅«Ауыл» партиясы;
✅«Ақ жол» партиясы;
✅«Amanat» партиясы;
✅«Байтақ» жасылдар партиясы;
✅Жалпыұлттық социал-демократиялық партия;
✅Қазақстан халық партиясы;
✅«Respublica» партиясы.
Сонымен қатар тағы екі саяси партия Мәжіліс сайлауына қатысуы мүмкін.
«Екі саяси партияға тиісті растау берілді, олар: «Ел тағдыры», «Ұрпақтар жалғастығы» партиялары. Келесі кезең – съезд өткізу. Егер 8 ақпанға дейін тіркеліп үлгерсе, тиісті шешім қабылданады», — деді Әділет вице министрі Алма Мұқанова.