Денсаулық
2 280 адам коронавируспен күресуде
Өткен тәулікте Қазақстанда 111 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Елімізде 2 280 адам коронавирус инфекциясынан (–2 130+ және 150 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 220 пациент стационарда, 2 060 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», — деп жазды ведомстводан.