Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Қоғам

Алданған атыраулықтар құзырлы органдарға наразы

Жихаз жасайтын компанияға алданған атыраулықтар құзырлы орындардың шарасыз отырғандарына наразы деп хабарлайды DIDARMEDIA  сайты КТК телеканалына сілтеме жасап.

Атырауда 60-тан астам адам жиһаз жасайтын компанияға алданып қалдық дейді. Тіпті кейбірі 4 миллион теңгеден астам ақша төлеген. Алайда әлі күнге тапсырыс берген дүниелері дайын емес. Бірақ халықты алдап соққан жиҺаз цехы әлі жұмыс істеп тұр. Ал құзырлы орындар 5-6 айдан бері қол қусырып, шара қабылдамай отыр дейді жәбірленушілер.

Бұл жиһаз  жасайтын «Альянс ГРУПП» компаниясына  алданған атыраулықтар. Барлығы жыл басында аталмыш кәсіпкерге миллиондаған ақша төлеп, түрлі  жиһаздарға тапсырыс беріпті. Әлеуметтік желіде жарнамасы жер жарған компания, жеңілдіктер жасап, тапсырыс берушілерді түрлі сыйлықтармен қызықтырған. Тіпті банк арқылы несиеге рәсімдеуге де мүмкіндік  жасалғандықтан еш күманданбаған енді сан соғып қалғандарын айтады

 

Back to top button