Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Экономика

Қазақстанда айлық есептік көрсеткіштен бас тарту ұсынылды

Мәжіліс депутаты Жәмилә Нұрманбетова Еңбек министрі Тамара Дүйсенова ұсынған Салық кодексінде ескірген әлеуметтік параметрлер қолданылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар елімізде айлық есептік көрсеткіштен бас тарту керегін айтты, — деп хабарлайды Didarmedia.kz.

Депутаттың сөзінше, айлық есептік көрсеткіш (әрі қарай АЕК) ыңғайлы болғанымен, экономикамен де, еңбекақымен де еш байланысы жоқ.

«Тәуелсіздік қарсаңында енгізілген айлық есептік көрсеткіш («АЕК») әлі қолданылып келеді. Иә, бұл жоспарлау үшін ыңғайлы болуы мүмкін. Бірақ АЕК экономикаға да, жалақыға да байланысты емес. Сондықтан болашақта әлеуметтік төлемдерді аударуда бірыңғай көрсеткішке сүйену орынды деп санаймыз. Не ең төменгі күнкөріс деңгейіне, немесе – ең төменгі жалақыға», – деді ол.

Сонымен бірге тағы бір мәселе – әлеуметтік параметрлерді анықтаудың тиісті әдістерінің болмауы.

«Осылайша, ең төменгі күнкөріс көлемі шындыққа сай келмейді. Жыл басынан бергі 10 айда азық-түлік инфляциясы шамамен 20%-ға жетті. Демек зейнетақы мен жәрдемақыларды есептеу үшін салынған ең төменгі күнкөріс деңгейі азаматтарды қажетті әлеуметтік төлемдермен қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан министрлікке ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдістемесін жетілдіру жұмысын бастауды ұсынамыз», – дейді депутат.

Back to top button