Jannah Theme License is not validated, Go to the theme options page to validate the license, You need a single license for each domain name.
Қоғам

Алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды, — деп хабарлайды Didarmedia.kz тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің көп бөлігінде аяз болады.

“Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді. Түнде 6 желтоқсанда Қарағанды, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжануда”, – делінген хабарламада.

Back to top button